Accessibility links

Сенат ЕО-мен "жақын әріптестік" келісімін мақұлдады


Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты бүгін Қазақстан мен Еуропа Одағы (ЕО) арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді мақұлдайтын заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Келісімге 21 желтоқсан күні Астанада Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен ЕО сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини қол қойған. Ыдырысов келісімде қарым-қатынастың 29 саласы қамтылғанын айтқан. "Келісімде халықаралық, аймақтық қауіпсіздік пен қарусыздану сияқты саяси мәселелерден бастап, сауда, инвестиция, инфрақұрылымды дамыту сияқты сауда-экономикалық мәселелер және инновация, мәдениет, спорт пен туризм, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық бар" деген.

XS
SM
MD
LG