Accessibility links

Путин Нетаньяхумен Таяу Шығысқа қатысты кездеспек


Израиль президенті Реувен Ривлин мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 16 наурыз 2016 жыл.
Израиль президенті Реувен Ривлин мен Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 16 наурыз 2016 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуге сапармен барған Израиль президенті Реувен Ривлинге таяуда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен Таяу Шығыстағы қауіпсіздікке қатысты жағдайды талқылау үшін кездесуге келіскенін айтты.

Израиль билігінің хабарлауынша, 16 наурызда Путинмен кездескен Ривлин Ресейден Сириядағы қақтығысты реттеу аясында БҰҰ-ның бітімгерлік күштерін қалпына келтіру жұмысын атқаруды сұраған.

БҰҰ бітімгерлік күштері қазір Голан жоталарындағы Израиль-Сирия шекарасын бақылайды. Ривлин бұған қоса Путинге Израильдің Иранның немесе "Хезболла" ұйымы жасақтарының Голан жоталарына орнығып алуына жол бермейтінін айтқан.

Израиль Сириядағы қақтығыста осы ел президенті Башар Асад жағында соғысып жатқан, Иран қолдайтын "Хезболланы" ең қауіпті жау көреді.

Израиль Сириядағы қақтығыста бейтараптық танытып отырғанымен, бұған дейін Сирияға "Хезболла" ұйымына қару-жарақ жеткізіліп жатыр деген аймағына әуеден соққы берген. Израильдің әуе соққыларынан Иранның екі генералы мен "Хезболланың" жоғары шенді екі әскериі қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG