Accessibility links

Бішкек: Чехия Қырғызстанда ГЭС салуға ниетті


Қырғызстан парламентінің спикері Асылбек Жээнбеков (оң жақта) пен Чехия парламенті депутаттары палатасының төрағасы Ян Гамачек. Бішкек, 16 наурыз 2016 жыл.

Қырғызстан парламентінің спикері Асылбек Жээнбеков (оң жақта) пен Чехия парламенті депутаттары палатасының төрағасы Ян Гамачек. Бішкек, 16 наурыз 2016 жыл.

Қырғызстан парламентінің спикері Асылбек Жээнбеков Чехиямен Қырғызстандағы ГЭС құрылысын салу туралы алдын ала келісім жасалғанын мәлімдеді. Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Бұл туралы ол Бішкекте Чехия парламенті депутаттары палатасының төрағасы Ян Гамачекпен бірлескен мәлімдемеге қол қойған соң хабарлады. Жээнбековтің сөзінше, чехиялық компаниялар Қырғызстандағы шағын екі ГЭС құрылысына 190 миллион доллар инвестиция құюға дайын. Гамачек 16 наурызда Бішкекте өткен қырғыз-чех бизнес форумына қатысқан.

Желтоқсанда электр сымдарындағы ақаудан Тоқтағұл ГЭС-інде генераторлар апатты жағдайда істен шыққан соң Қырғызстан Қазақстанмен электр қуатын сатып алу туралы келіссөз жүргізген. Қаңтарда Қырғызстан мен Ресей Қамбарата-1 ГЭС-і мен Жоғарғы Нарын сарқырамасы ГЭС-ін салу туралы келісімді бұзған. Келісімнің тоқтатуына Ресейдегі "экономикалық ахуалдық қиындығы" себеп болған.

XS
SM
MD
LG