Accessibility links

Әзербайжан журналисі түрмеден шықты


Қамаудан босатылған әзербайжандық журналист Рауф Миркадиров. Баку, 17 наурыз 2016 жыл.

Қамаудан босатылған әзербайжандық журналист Рауф Миркадиров. Баку, 17 наурыз 2016 жыл.

Баку соты әзербайжандық белгілі журналист, мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен сотталған Рауф Миркадировты түрмеден босатты.

Баку сотының апелляциялық алқасы 17 наурызда Миркадировқа желтоқсанда кесілген 6,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына өзгертті. Журналист қамаудан босатылды.

54 жастағы Миркадировты сот 28 желтоқсанда Арменияның пайдасына тыңшылық жасады деген айыппен соттаған.

Миркадиров пен оның жақтаушылары журналиске қарсы істің саяси астары бар дейді. Журналист Әзербайжанда орыс тілінде шығатын "Зеркало" газетінде тілші болған. Ол 2014 жылы Түркиядан депортацияланған соң Бакуде ұсталған.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары журналистің қудалануын айыптаған.

XS
SM
MD
LG