Accessibility links

АҚШ Сириядағы өзін-өзі басқару аймақтарын мойындамайды


Сирияның солтүстігіндегі күрдтер (Көрнекі сурет).

Сирияның солтүстігіндегі күрдтер (Көрнекі сурет).

АҚШ сириялық күрдтер елдің солтүстігіндегі өздері бақылайтын территорияда федералдық мемлекет құратынын жариялаған соң Сирияда өзін-өзі басқару аймақтарын мойындамайтынын мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті баспасөз хатшысы Джон Кирбидің айтуынша, "Вашингтонның мақсаты - бөлінбейтін, барлық дінді біріктіретін Сирия мемлекеті". Күрдтер шешімін Сирия билігі мен оппозиция да қабылдамай тастады. Мұндай біржақты әрекетке Түркия да қарсы шықты.

Сирияның солтүстігінде федералдық жүйе жариялау жоспары күрд, араб және түркмен басшыларының Рмейлан қаласындағы кездесуінде қабылданған. Федералдық жүйеге Сирияның Түркиямен шекарасындағы күрдтер бақылайтын, арабтар мен түркімендер басым тұратын, "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымы билік құрған территориядағы үш анклав кіруі тиіс. Күрд саяси топтары Женевада БҰҰ арағайындығымен өтіп жатқан Сирия бейбіт келіссөзіне шақырылған жоқ.

XS
SM
MD
LG