Accessibility links

Германияда АҚШ пен Ресейге құпия деректер берген агент сотталды


Маркус Райхель Мюнхендегі сот процесінде. Германия, 17 наурыз 2016 жыл.

Маркус Райхель Мюнхендегі сот процесінде. Германия, 17 наурыз 2016 жыл.

Германияда неміс арнайы қызметінің бұрынғы қызметкері, "Ресей мен АҚШ пайдасына тыңшылық жасады" деп айыпталған Маркус Райхель сотталды. Мюнхен соты 32 жастағы Райхельді "мемлекетке сатқындық жасады" деп айыптады.

Маркус Райхель АҚШ Орталық барлау басқармасына (немесе ЦРУ) 200-ден астам құжатты, оның ішінде Германияның шетелдегі агенттерінің нақты аты-жөні мен бүркеншік есімі және мекенжайы туралы тізімді бергенін және ол үшін 80 мың еуро ақша алғанын мойындады. Ол бұған қоса Ресей барлау қызметіне үш құжат берген.

Рейхель 2007 жылдан бері Германияның федералдық барлау қызметінің пошта бөлімінде жұмыс істеп, құпия құжаттарға ие болған. Сот кезінде ол "федералдық барлау қызметі маған ешнәрсені сеніп тапсырмайтын, ЦРУ-мен қатынас басқаша болатын" деді.

Рейхель 2014 жылы Ресей арнайы қызметіне электрондық поштамен құжаттар жібергені әшкереленген соң ұсталған.

XS
SM
MD
LG