Accessibility links

Ермегияевқа қатысты алдын ала сот тыңдауы басталды


Талғат Ермегияевтің үстінен басталған алдын ала сот тыңдауы. Астана, 18 наурыз 2016 жыл.
Талғат Ермегияевтің үстінен басталған алдын ала сот тыңдауы. Астана, 18 наурыз 2016 жыл.

Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотында бүгін "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің үстінен алдын ала сот тыңдауы басталды.

Ермегияев «Астана ЭКСПО-2017» компнаиясындағы қаржы жымқыру ісі аясында ұсталған. 2015 жылы маусымда компания басшысы қызметінен босатылған соң бірнеше күннен кейін қылмысқа күдікті ретінде ұсталып, сот шешімімен үйқамаққа алынған Талғат Ермегияевке тергеушілер «4 миллиард 200 миллион теңге көлеміндегі қаржыны заңсыз иеленді» деген айып таққан.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, сот залына хабар тарататын журналистерді кіргізбеді, тек фото мен видео түсіретін журналистер ғана кіргізілді. Өзге журналистерді монитор қойылған өзге бөлмеге кіргізді.

Сот тыңдауын судья Әділхан Шайхисламов жүргізіп жатыр. Талғат Ермегияевті сотқа бетіне қара бетперде киген жасақ алып кірді.

Қылмыстық іс бойынша «аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын талан-таражға салған» деген айып тағылғандар арасында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Бархинхоев, бұрынғы құрылыс департаменті жетекшісі Қажымұрат Үсенов бар.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясы Астанада 2017 жылы өткізу жоспарланған халықаралық көрмеге дайындықпен айналысады.

XS
SM
MD
LG