Accessibility links

Алматыда азаптау құрбандарын қорғауды талқылап жатыр


"Азаптау мен қатаң ұстау құрбандарына арналған азаматтық-құқықтық құралдар" деп аталатын конференцияға қатысып жатқандар. Алматы, 18 наурыз 2016 жыл.
"Азаптау мен қатаң ұстау құрбандарына арналған азаматтық-құқықтық құралдар" деп аталатын конференцияға қатысып жатқандар. Алматы, 18 наурыз 2016 жыл.

Қазақстан мен постсоветтік бірқатар елдің құқық қорғаушылар мен адвокаттары бүгін Алматыда конференцияда азаптау құрбаны болғандарға өтемақы төлетудің тетіктері мен зардапты өтеудің құқықтық мүмкіндіктері мәселелерін талқылап жатыр.

Азаптау құрбандарына өтемақы өндіртуде мұндай мәселелер барын "Азаптау мен қатаң ұстау құрбандарына арналған азаматтық-құқықтық құралдар" деп аталатын конференцияға қатысып жатқан Алматы қалалық сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Бақытжан Қараманов та мойындады. Қарамановтың сөзінше, іс зардап шеккендер азаптауға кінәлілермен көбінесе бейресми келісім жасасып, ол туралы сотқа хабарламағандықтан қиындай түседі. Нәтижесінде тіпті сотқа дейін жеткен азаптау туралы іс соңында тоқтатылады. Бірақ көп жағдайда іс сотқа жетпей жатады.

Құқық қорғаушы, халықаралық Amnesty International (AI) ұйымының кеңесшісі Татьяна Чернобиль халықаралық құқықта азаптау құрбандарының сотқа өзіне азаптаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны, я қозғалмағанына қарамастан өтемақы төлеу туралы азаматтық тәртіпте шағымдана алатынын айтады.

Қазақстандағы азаптауға қатысты жағдайды бақылайтын құқық қорғаушылар азаптау туралы ақпараттарды тергеудің тиімсіздігін жиі айтады. AI наурыздың басында Алматыда баяндамасын жариялаған. Онда 2015 жылдың алғашқы жеті айында азаптауға қатысты тек 10 іс сотқа жетіп, оның бесеуіне ғана қатысты айыптау үкімі шыққаны айтылады.

XS
SM
MD
LG