Accessibility links

Бүгін сайлауалды үгіт-насихат аяқталады


Парламент мәжілісі сайлауына түсетін саяси партиялардың сайлауалды дебаты. Астана, 16 наурыз 2016 жыл.
Парламент мәжілісі сайлауына түсетін саяси партиялардың сайлауалды дебаты. Астана, 16 наурыз 2016 жыл.

Қазақстан парламенті мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттығына ерте сайлауға 964 халықаралық бақылаушы мен шетелдік ақпарат құралдары өкілдері тіркелді деп хабарлады бүгін Орталық сайлау комиссиясы. Мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар мен мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлауалды үгіт-насихатын 19 наурызға қараған түні аяқтауы тиіс. 19 наурыз - сайлауалды тыныштық күні. Дауыс беру күні мен оған бір күн қалғанда үгіт-насихатқа тыйым салынған.

Дауыс беру 20 наурызда 9 мың 840 сайлау учаскесінде өтеді. Учаскелердің көбінде дауыс беру жергілікті сағат 7:00-де басталып, 20:00-де аяқталады. ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов бүгін журналистерге кем дегенде жеті сайлау учаскесінде дауыс беру бір сағат ерте басталатынын айтты.

"Бізде заң бойынша атқарушы органдар климаттық ерекшеліктерді ескере отырып қай учаскелерде дауыс беруді бір сағат ерте бастайтынын анықтай алады. Ондай учаскелер көп емес. Олардың алтауы Шығыс Қазақстан облысында, біреуі Қарағандыда" деді Мелдешов.

Дауыс беру мен дауысты санау процесін бақылауға кандидаттар мен партиялардың сенімді өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері қатыса алады.

XS
SM
MD
LG