Accessibility links

Ресейлік Аршавин - "Қайрат" ойыншысы


Ресейлік футболшы Андрей Аршавин (сол жақта) мен алматылық "Қайрат" командасының бас директоры Малик Кушалиев. Алматы 18 наурыз 2016 жыл. (Сурет "Қайрат" командасының баспасөз қызметінен алынды).

Ресейлік футболшы Андрей Аршавин (сол жақта) мен алматылық "Қайрат" командасының бас директоры Малик Кушалиев. Алматы 18 наурыз 2016 жыл. (Сурет "Қайрат" командасының баспасөз қызметінен алынды).

Алматылық «Қайрат» футбол командасы ресейлік Андрей Аршавинмен келісім-шартқа қол қойды.

Клубтың ресми сайты «Қайрат» Аршавинмен 1+1 жүйесі бойынша келісімге қол қойылғанын хабарлады. Келісім-шартқа сай футболшы командада бір жыл толық ойнайды. Аршавин осы бір жылдың ішінде өзін жақсы қырынан көрсетсе тағы бір жыл ойнайды.

34 жастағы ресейлік футболшы Санкт-Петербургтың «Зенит» және англиялық «Арсенал» командасында ойнаған. Ағылшындық команда сапында ол 105 ойын өткізіп, 20-дан астам гол салған.

2015 жылы Аршавин ресейлік «Кубань» командасымен келісім шарт жасасып, алаңға тек сегіз мәрте шыққан соң командадан кеткен. Аршавин Ресей құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысқан.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG