Accessibility links

Бүгін - сайлау алдындағы тыныштық күні


Азаматтарды мәжіліс және мәслихат сайлауына шақырған билборд. Алматы, 18 наурыз 2016 жыл.

Азаматтарды мәжіліс және мәслихат сайлауына шақырған билборд. Алматы, 18 наурыз 2016 жыл.

Наурыздың 19-ы Қазақстанда кезектен тыс парламент мәжілісі сайлауы және жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауына қатысатын кандидаттардың үгіт-насихат науқаны аяқталып, дауыс беру күні алдындағы тыныштық жарияланды.

Сайлау заңына сәйкес, бүгіннен бастап сайлау аяқталғанға дейін депутаттыққа кандидаттар мен қолдаушыларына кез келген үгіт-насихат шараларын жүргізуге тыйым салынады.

Парламент мәжілісінің кезектен тыс сайлауына 6 партия қатысып жатыр. Атап айтқанда, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы 127 кандидат, «Ақ жол» - 35, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 23, Қазақстан халықтық-коммунистік партиясы - 22, «Ауыл» - 19, «Бірлік» – 8 кандидат ұсынып отыр.

Парламентке өту үшін әр партия жеті пайыздық межені еңсеруі тиіс.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Қазақстан азаматтары 20 наурыз күні жергілікті уақытпен таңертең сағат 7.00-ден сағат 20.00-ге дейін 9840 сайлау учаскесінде ерте парламент сайлауы мен жергілікті мәслихаттар сайлауына дауыс береді.

Бұл жолғы сайлаудың барысын бақылауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 800-ден аса өкіл тіркелген.

XS
SM
MD
LG