Accessibility links

СІМ: Апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болмаған


Дондағы Ростов қаласы әуежайы аумағында тұрған адамдар. 19 наурыз 2016 жыл.

Дондағы Ростов қаласы әуежайы аумағында тұрған адамдар. 19 наурыз 2016 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Ресейдің Дондағы Ростов қаласында ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы жоқ екендігі туралы мәлімдеді деп хабарлады Tengrinews сайты.

Дубайдан жолаушылар әкеле жатқан FlyDubai әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 ұшағы бүгін Ростов қаласының әуежайына қонар кезде апатқа ұшыраған. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақтағы 55 жолаушы мен 7 экипаж мүшесінің барлығы қаза тапқан.

Ақорда баспасөз қызметі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ростовтағы ұшақ апатына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атынан көңіл айтқанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG