Accessibility links

20 мың теңгелік банкнот марапатталды


Алматыдағы ұлттық банк ғимараты.

Алматыдағы ұлттық банк ғимараты.

Румыниядағы халықаралық конференцияда Қазақстанның 20 мың теңгелік мерейтойлық банкноты Еуропа және ТМД елдері арасында дизайны бойынша үздік банкноттардың бірі ретінде сыйлыққа ие болды.

«2016 жылғы аймақтық ең үздік банкнот» номинациясы бойынша Еуропа және ТМД елдері арасында Грузияның номиналы 20, 50 және 100 ларилік банкноттары жеңімпаз деп танылған. Марапаттау рәсімі HSP Europe(tm) ұйымының Бухарестегі халықаралық конференциясы кезінде өтті деп хабарлайды «Грузия онлайн» порталы.

2015 жылы «Үздік аймақтық банкнот» атағын Польша ақшасы – злотый иеленген еді.

XS
SM
MD
LG