Accessibility links

Батыс облыстарда дауыс беру басталды


Алматыдағы 350-сайлау учаскесiнде дауыс берiп жатқан сайлаушы. 20 наурыз 2016 жыл.
Алматыдағы 350-сайлау учаскесiнде дауыс берiп жатқан сайлаушы. 20 наурыз 2016 жыл.

Қазақстанның батысындағы басқа сағаттық белдеуде орналасқан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелерінде мәжіліс және мәслихат сайлауына дауыс беру басталды. Бұл облыстардағы учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 21:00) жабылуы тиіс. Бұдан соң берілген дауыстарды санау басталады.

Қазақстанда бүгін парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихатқа мерзімінен бұрын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру бюллетенінде алты партия - "Нұр Отан", "Ақ жол", "Ауыл", "Бірлік" партиялары, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы және Жалпыұлттық социал-демократиялық партия көрсетілген.

Жиыны 9 мың 800-ден астам сайлау учаскесі сағат 20:00-ге дейін ашық тұрады. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық өкілдері жанында 65 сайлау учаскесі ашылған.

XS
SM
MD
LG