Accessibility links

ЕҚЫҰ Бакуді саяси тұтқындарды босатуға шақырды


ЕҚЫҰ ДИАҚБ басшысы Майкл Георг.

ЕҚЫҰ ДИАҚБ басшысы Майкл Георг.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институттар және адам құқығы бюросы (ДИАҚБ) Әзербайжанның таяуда бірнеше азаматтық белсенді мен журналисті босатқанын қоштап, саяси себеппен сотталған өзге де тұтқындарды босатуға шақырды.

ДИАҚБ басшысы Майкл Георг Линк Әзербайжан билігінің шешімін оң қадам деп атады. Линк бұған қарамастан осы ел президенті Ильхам Әлиевті түрмеде жатқан немесе қатаң шектеу шаралары енгізілген өзге де құқық қорғаушылардың ісін қайта қарауға шақырды. Бюро Бакуді заңгер Интигам Әлиевті, Азаттықтың Әзербайжан редакциясының тілшісі Хадиджа Исмайылды, оппозициялық Республикалық альтернативті қозғалыстың жетекшісі Ильгар Маммадовты босатуға шақырды.

17 наурызда Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев түрмеде отырған 148 тұтқынға рақымшылық жасаған. Олардың арасында халықаралық құқық қорғау ұйымдары саяси тұтқын деп таныған 13 адам да бар. Құқық қорғаушылардың айтуынша, қазір Әзербайжанда түрмеде саяси себеппен сотталған 80-ге тарта тұтқын қамауда отыр.

XS
SM
MD
LG