Accessibility links

Ростовта ұшақ апаты құрбандарын аза тұтып жатыр


Boeing 737-800 ұшағы апаты орнында жүрген құтқарушылар. Дондағы Ростов, Ресей, 19 наурыз 2016 жыл.

Boeing 737-800 ұшағы апаты орнында жүрген құтқарушылар. Дондағы Ростов, Ресей, 19 наурыз 2016 жыл.

Ресейдің Дондағы Ростов облысында бүгін Fly Dubai әуе компаниясының апатқа ұшыраған Boeing 737-800 жолаушылар ұшағында қаза тапқандарды аза тұтып жатыр. Дубайдан жолаушылар әкеле жатқан ұшақ Ростов қаласының әуежайына қонар кезде апатқа ұшыраған. Ұшақтағы 55 жолаушы мен 7 экипаж мүшесінің барлығы қаза тапқан.

Кейбір бойынша, апатқа ауа-райы немесе ұшқыштардың қателігі себеп болуы мүмкін. Апатта жеті мемлекеттік азаматы құрбан болды. Қазақстан сыртқы істер министрлігі бұған дейін құрбандар арасында қазақстандықтар жоғын хабарлаған.

Алғашқы тергеу мәліметтері бойынша, ұшақ апатқа ұшырамас бұрын Ростов әуежайына үш рет қонуға әрекет жасаған.

Fly Dubai компаниясының атқарушы директоры Гейт әл-Гейт Дубайдағы баспасөз жиынында апатқа ұшыраған ұшақ ұшқыштарының тәжірибесі мол болғанын және ұшақ биыл 21 қаңтарда тексеруден өткенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG