Accessibility links

Мәсімов сайлауда дауыс берді


Премьер-министр Кәрім Мәсімов.
Премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Астанада Максим Горький атындағы орыс драма театрында орналасқан №99 сайлау учаскесінде мәжіліс және мәслихат сайлауына дауыс берді.

Парламент мәжілісіне ерте сайлау мен барлық деңгейдегі мәслихатқа кезекті сайлау көпшілік облыста Астана уақыты бойынша сағат 07:00-де басталған. Батыстағы Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары басқа сағаттық белдеулерде орналасқандықтын мұндағы сайлау учаскелері басқа облыстардан Астана уақытымен сағат 08:00-де басталған.

Парламент сайлауына 10 миллионға тарта бюллетень, мәслихат сайлауына 18 миллионнан астам бюллетень дайындалған. Сайлаушылар саны 9,7 миллион адамнан асады.

XS
SM
MD
LG