Accessibility links

Агенттік: Пекиндегі учаскеде 1 сағатта 60 адам дауыс берді


Пекин (Көрнекі сурет).
Пекин (Көрнекі сурет).

Пекинде Қазақстанның Қытайдағы елшілігі жанынан ашылған №207 сайлау учаскесінде ашылған бір сағатта 60-тан астам адам дауыс берді деп хабарлады осы сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Қабазиевке сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі.

Бұл сайлау учаскесінің жұмысы уақыт белдеуі айырмасына байланысты Астана уақыты бойынша сағат 5:00-де басталған.

Орталық сайлау комиссиясының бұған дейін хабарлауынша, қазір Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан 60-тан астам сайлау учаскесі ашылған. Олардың бесеуі - Ресейде, төртеуі - Қытайда, үшеуі - Біріккен Араб Әмірліктерінде, үшеуі - Түркияда. Шетелдердегі сайлау учаскелерінде қазақстандықтар тек партиялық тізім бойынша сайланатын мәжіліс депутаттарын сайлауға дауыс бере алады.

XS
SM
MD
LG