Accessibility links

ЕҚЫҰ миссиясы: 300-дей бақылаушымыз жұмыс істеп жатыр


Алматыдағы 350-сайлау учаскесiнде алғаш рет дауыс берiп жатқан жас сайлаушы. 20 наурыз 2016 жыл.

Алматыдағы 350-сайлау учаскесiнде алғаш рет дауыс берiп жатқан жас сайлаушы. 20 наурыз 2016 жыл.

Астанада бүгін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Қазақстандағы парламент сайлауын бақылайтын миссиясы басшысы Мариетта Тидеи мен ЕҚҰЫ парламент ассамблеясы бақылаушылары басшысы Гейр Йорген Беккеволд сайлау туралы алғашқы пікірін білдірді.

Азаттық тілшісіне берген қысқаша сұхбатында Мариетта Тидеи мен Гейр Йорген Беккеволд Қазақстан бойынша ұйымның 300-ге тарта бақылаушысы жұмыс істеп жатқанын, қазір Астанадағы бақылаушылар өздеріне тиісті барлық сайлау учаскелеріне барып шыққанын айтты.

"Біз сайлау учаскелері қалай ашылып, қалай жұмыс істеп жатқанын бақылап жатырмыз" деген Мариетта Тидеи Азаттық тілшісінің қандай да бір заң бұзушылық болды ма деген сұрағына жауап беруден бас тартты.

"Ертең сайлау барысы туралы алдын ала нәтижемізді жариялаймыз. Оған дейін сайлауға қатысты қандай да бір баға бере алмаймыз" деді Тидеи.

Қазақстанда бүгін парламент мәжілісіне ерте және мәслихатқа кезекті сайлау өтіп жатыр. ОСК мәліметінше, сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің 817 бақылаушысы бақылау жасайды.

XS
SM
MD
LG