Accessibility links

Ақтауда тілшіге учаскеде суретке түсіруге кедергі жасады


Ақтаудағы №19 сайлау учаскесі. 20 наурыз 2016 жыл.

Ақтаудағы №19 сайлау учаскесі. 20 наурыз 2016 жыл.

Ақтауда №11 мектепте орналасқан 19-сайлау учаскесінде сайлау комиссиясының төрағасы Азаттық тілшісіне суретке түсіруге тыйым салды. "Төраға маған суретке түсіруге болмайтынын, себебі бақылаушы ретінде менің оған құқығым жоғын айтты. Мен өзімің журналист екенімді айтқан соң ол өздерінде камера барын және сол жеткілікті екенін айтты" деп хабарлады Ақтаудан Азаттық тілшісі Сәния Тойкен.

Сәния Тойкен комиссия төрағасы бір кезде біреулерге телефон соғып, суретке түсіруге тыйым салынғанын тағы да нақтылап айтты. Бірақ кейін Азаттық тілшісі өзіне ешқандай кедергі жасалмағанын, бірнеше сурет түсіргенін айтты.

Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хатшысы Бақыт Мелдешов парламент мәжілісіне ерте және мәслихатқа кезекті сайлауға дауыс беру "әділ" өтіп жатқанын және "заң бұзу" болмағанын мәлімдеген. Ол сонымен қатар бақылаушыларға "дауыс беруді бақылауға кедергісіз жағдай жасалғанын" айтқан.

ОСК мәліметі бойынша, сағат 10:00-ге дейін Қазақстанда сайлаушылардың 18 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген. ОСК мәліметінше, Маңғыстау облысында дауыс беру белсенділігі 15,23 пайызды құраған.

XS
SM
MD
LG