Accessibility links

СІМ: Шетелде 2 мың қазақстандық дауыс беріп үлгерді


Шымкент қаласы Күншығыс шағын ауданында орналасқан 13 сайлау учаскесі. 20 наурыз 2016 жыл.
Шымкент қаласы Күншығыс шағын ауданында орналасқан 13 сайлау учаскесі. 20 наурыз 2016 жыл.

Шетелде жүрген 2 мыңнан астам қазақстандық Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ге дейін парламент мәжілісі сайлауына дауыс беріп үлгерді деп хабарлады бүгін сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

Астанада өткен брифингте Василенко сағат 12:ге дейін шетелдерде барлығы 61 сайлау учаскесі ашылып, оларда 2 мыңнан астам азамат дауыс бергенін айтты. Оның сөзінше, сайлауға бір күн қалғандағы мәлімет бойынша, дауыс беру тізіміне 14 мыңға тарта қазақстандық тіркелген.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Астана уақыты бойынша сағат 10:00-ге дейін Қазақстан бойынша сайлаушылардың 18 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерген. Шетелдердегі Қазақстан азаматтары тек парламент мәжілісі сайлауына дауыс бере алады.

XS
SM
MD
LG