Accessibility links

Азаттық тілшісі Алматыда сайлау заңы бұзылғанын байқады


Парламент және мәслихат сайлауларына дауыс беріп жатқан адамдар. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.
Парламент және мәслихат сайлауларына дауыс беріп жатқан адамдар. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.

Азаттық тілшісі Алматы қаласының Алатау ауданы Заря Востока ықшам ауданындағы 535-ші сайлау учаскесінде дауыс беру процесінің бұзылғанына куә болды. Азаттық тілшісі мен сайлау комиссиясының көзінше сайлау жәшігіне бес бюлтенді топтап салған сайлаушы өзін Рахметжан деп таныстырып, "отбасындағы төрт адам үшін дауыс бергенін" айтты. Өзін 535-сайлау комиссиясының төрайымы Мұхаметова деп таныстырған келіншек "отбасы мүшелері де учаскеге сайлаушымен бірге кіргенін", бірақ олардың кейін шығып кеткенін айтты.

Осы Заря Востока ықшам ауданындағы 15-сайлау учаскесінде де осыған ұқсас жайттыр болды. Сайлау комиссиясы мен бақылаушылардың және Азаттық тілшісінің көз алдында бір қыз бен бір жігіт үлкен кісілермен бірге дауыс беру кабинасына кіріп шығып жүрді. Өздерін "еріктілерміз" деп таныстырған олар, "әкімдік тапсырмасымен келгенін" айтты.

Қазақстанда бүгін парламент мәжілісіне ерте және мәслихатқа кезекті сайлау өтіп жатыр. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов сайлау "әділ" өтіп жатқанын мәлімдеген.

Алатау ауданындағы топтап бюллетень салу және кабинаға топтасып кіру видеосы:

Сайлау заңын бұзу
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

XS
SM
MD
LG