Accessibility links

Иран басшылары дамуға қатысты екі түрлі пікірде


Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи (сол жақта) мен Иран президенті Хассан Роухани.
Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменеи (сол жақта) мен Иран президенті Хассан Роухани.

Иранның жоғары шенді екі басшысы елдің экономикалық болашағына байланысты бір-біріне қайшы, екі түрлі пікір білдірді. 20 наурызда иран мен түркі халықтарының көбі тойлайтын жаңа жыл - Наурыз мейрамы кезінде сөйлеген Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменей Иранды өз күшіне сенуге шақырды. Ал Иран президенті Хассан Роухани өзге елдерден ынтымақтастық - Иран үшін экономикалық өрлеудің кілті екенін мәлімдеді.

Хаменеи шетел инвестициясы егер ол елдің ішкі индустриясын дамытуға пайдаланылғанда ғана пайда беретінін айтты.

Хаменеидің мәлімдемесінен соң таратылған ресми хабарда Роухани Иран экономикасы "елдің ішкі ынтымақтастығы мен күш-жігері және әлем елдерімен байланыс арқылы көркейіп, дами алатынын" айтады.

Иран әлемдік державалармен жасасқан ядролық бағдарламасын шектейтін келісімін толық орындаған соң қаңтар айында бұл елге салынған барлық халықаралық санкциялар жойылған.

XS
SM
MD
LG