Accessibility links

Йеменде қақтығыстан 35 адам қаза тапты


Йемен астанасы Сана қаласындағы коалиция авиациясы бомбалағаннан кейінгі көрініс. 27 ақпан 2016 жыл.
Йемен астанасы Сана қаласындағы коалиция авиациясы бомбалағаннан кейінгі көрініс. 27 ақпан 2016 жыл.

Йеменнің Таиз қаласында шииттік көтерілісшілер мен үкіметшіл күштер арасындағы қақтығыстан 35 адам қаза тапты.

Ресми ақпаратқа қарағанда, шииттік хусит көтерілісшілері оңтүстіктегі елдің үшінші қаласы Таизды басып алуға әрекеттеніп жатыр, ал Сауд Арабиясы бастаған араб елдері коалициясы хуситтерді алға жылжытпау үшін оннан астам әуе шабуылын жасаған.

Йемендегі азаматтық соғыста хусит көтерілісшілері елдің халықаралық тұрғыдан мойындалған үкіметінің күштерімен соғысып жатыр. Коалиция хуситтерге қарсы әуе шабуылдарын 2015 жылы наурызда бастаған.

Хуситтер өткен аптада үкіметшіл күштер өздерін Таиздің батыс бөлігінен тықсырып шығарғанға дейін қаланы бір жылдай қоршап тұрған.

XS
SM
MD
LG