Accessibility links

Алматыда тағы да бюллетенді топтап тастау байқалды


Алматыдағы сайлау учаскесінде дауыс беріп тұрған адам. 20 наурыз 2016 жыл.
Алматыдағы сайлау учаскесінде дауыс беріп тұрған адам. 20 наурыз 2016 жыл.

"Жас сайлаушылар лигасы" (ЖСЛ) ұйымы белгісіз ер адамның дауыс беру жәшігіне келіп, бірнеше бюллетенді топтап тастап, кетіп қалғаны туралы видео жариялады.

Видеоны Facebook-ке ұйымның бас директоры Ирина Медникова жариялады. Оның мәліметінше, видеоны ЖСЛ өкілдері Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжінде орналасқан №232 сайлау учаскесінде түсірген.

- Біз ол адамның кім екенін және оның қайда кеткенін білмейміз. Бақылаушымыз оқиғаны видеоны түсіріп, акт толтырды. Бақылаушымыздың сайлаушыға жақын баруға құқығы жоқ, - деді Медникова Азаттыққа. Оның сөзінше, видео шамамен сағат 10:30-да түсірілген.

Қазақстанда бүгін парламент мәжілісі мен мәслихатқа сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру барысында Азаттықтың аймақтардағы тілшілері сайлау заңын бұзудың түрлі көрінісін байқады. Орталық сайлау комиссиясы сайлау "әділ" және "заңға сай" өтіп жатқанын айтады.

Алматыдағы №232 сайлау учаскесінде болды делінген жәшікке топтап бюллетень тастау оқиғасы. Видео авторы - "Жас сайлаушылар лигасы" ұйымы.

XS
SM
MD
LG