Accessibility links

Бас прокуратура: 20 наурызда 8 шағым түсті


Бас прокуратура, Астана (Көрнекі сурет).
Бас прокуратура, Астана (Көрнекі сурет).

Парламент мәжілісі мен мәслихатқа сайлау "қалыпты жағдайда өтіп жатыр" деп хабарлады Қазақстан бас прокуратурасы. Астанада өткен брифингте бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков сайлауға байланысты азаматтардың құқығы бұзылу және заң бұзу оқиғалары тіркелмегенін айтты. Ол бұған қоса прокуратура органдарына 20 наурызда сегіз шағым түскенін және олардағы заң бұзу туралы ақпараттар тексеріліп жатқанын айтты.

Прокуратураның мәліметінше, сайлау күні қарсаңындағы іс-шаралар заңға өткен, ал мемлекеттік органдардың өз міндетін орындауға қатысты заң бұзу тіркелмегенін айтты.

Азаттық тілшісі бүгін Алматының Заря Востока ықшамауданындағы сайлау учаскесінде заң бұзылғанына куә болған. Жәшікке бес бюллетенді қатар тастаған ер адам "отбасы мүшелері үшін" дауыс беріп жатқанын айтқан. Басқа учаскеде дауыс беру кабинасына өздерін "әкімдік тапсырмасымен келген еріктілерміз" деп таныстырған адамдар кіріп шығып жүрген. Алматыда бұдан басқа да жерде бюллетен топтап тасталғаны, Атырауда бюллетенді топтап тастау әрекеті байқалғаны хабарланған.

Қазақстанда сайлау учаскелері таңертең сағат 7-де ашылған. Дауыс беру сағат 20-да аяқталады.

XS
SM
MD
LG