Accessibility links

ОСК: Сайлаушының 71 пайызы дауыс берді


Сайлауға келушілер. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.

Сайлауға келушілер. Алматы, 20 наурыз 2016 жыл.

Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) ақпараты бойынша, сағат 16.00-ге дейін сайлаушылардың 71 пайыздан астамы дауыс берген.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 16.00 жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 71,78 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды дейді ОСК.

Сайлауға қатысу қарқыны Алматы облысы бойынша – 89,88%, Ақмола облысы бойынша – 76,11 %, Ақтөбе облысы бойынша - 72,17%, Атырау облысы бойынша – 80,41%, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,52%, Жамбыл облысы бойынша – 76,28%, Қарағанды облысы бойынша – 70,91%, Қостанай облысы бойынша – 78,23 %, Қызылорда облысы бойынша – 77,53%, Маңғыстау облысы бойынша – 69,06 %, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 80,92%, Павлодар облысы бойынша – 68,76%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 76,41%, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 77,13%, Астана қаласы бойынша – 69,83%, Алматы қаласы бойынша – 29,12% болған.

Дауыс беру ел бойынша 9840 сайлау учаскесінде өтіп жатыр.

Дауыс беру сағат 20:00-де аяқталады. Батыстағы басқа сағаттық белдеуде орналасқан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш (Астана уақыты бойынша сағат 21:00) аяқталады. Бұдан соң дауыстарды санау басталады.

Сайлаушылар белсенділігі туралы алдын ала мәлімет сағат 22-ден кейін жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG