Accessibility links

Маңғыстауда көлік газының қашан қайта берілетіні әлі белгісіз


Ақтаудағы газ кезегінде тұрғандар. Ақтау, 20 тамыз 2014 жыл. Көрнекі сурет

Ақтаудағы газ кезегінде тұрғандар. Ақтау, 20 тамыз 2014 жыл. Көрнекі сурет

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Гүлмира Балғожаева осы аймақтағы газ тапшылығына ірі газ зауытында жүріп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болғанын айтты. 20 наурыз күні Азаттыққа берген сұхбатында ол: "Газдың тапшылығына Жаңаөзендегі ҚазГПЗ газ зауытын жөндеу себеп болып отыр" деді. Баспасөз хатшысы газдың қашан қайта беріле бастайтыны туралы мәлімет бермеді.

Соңғы күндері әлеуметтік желілерде жергілікті белсенділер мен жүргізушілер облыста көлік газы тапшылығының туғанына наразылық танытқан еді. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік пен сауда басқарма бастығының орынбасары Бекқали Жұбанов жергілікті Lada.kz сайтына "зауыттағы жөндеу жұмыстары екі күнде аяқталады" деген еді.

ІІД-нің мәліметіне сәйкес, Маңғыстау облысында 177 мың жеке көлік бар, олардың 78 мыңы газбен жүреді. Көлік газы арзан болғандықтан ай сайын мыңдаған жергілікті жүргізуші автомобильдерін газбен жүретіндей етіп жарақтандырады.

XS
SM
MD
LG