Accessibility links

FlyDubai ұшағының "қара жәшігі" оқылды


Құлаған Boeing 737-800 ұшағының сынықтары. Дондағы Ростов, 19 наурыз 2016 жыл.

Құлаған Boeing 737-800 ұшағының сынықтары. Дондағы Ростов, 19 наурыз 2016 жыл.

FlyDubai әуе компаниясының Ресейдің Дондағы Ростов қаласында апатқа ұшыраған Boeing 737-800 лайнерінің дерек жазу құралдары ашылды, оларда сақталған ақпараттың сапасы жақсы деп хабарлады тергеу комиссиясы. Ресейдің халықаралық авиация комитетінің басшысы Сергей Зайконың сөзінше, ауызекі тілде "қара жәшік" деп аталатын құралдар ұшақ жерге құлағанға дейінгі мәліметтерді жазып отырған.

19 наурызда Дубайдан жолаушылар әкеле жатқан ұшақ Дондағы Ростов қаласының әуежайына қонар кезде апатқа ұшыраған. Ұшақтағы 55 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі түгел қаза тапқан.

Алғашқы тергеу мәліметтері бойынша, ұшақ апатқа ұшырамас бұрын Ростов әуежайына үш рет қонуға әрекет жасаған.

XS
SM
MD
LG