Accessibility links

Ресей соты Савченконың үкімін оқи бастады


Ресейде соты өтіп жатқан украиналық әскери қызметші Надежда Савченко. Донецк, Ростов облысы, Ресей, 9 наурыз 2016 жыл.
Ресейде соты өтіп жатқан украиналық әскери қызметші Надежда Савченко. Донецк, Ростов облысы, Ресей, 9 наурыз 2016 жыл.

Ресейдің Ростов облысындағы Донецк қалалық соты ресейлік екі журналистің өліміне байланысты айыпталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконың үкімін оқи бастады.

Айыптау қорытындысын оқыған сот коллегиясы төрағасы Леонид Степаненко "Савченко жек көру және жаулық ниетпен бір топ адаммен бірлесе отырып Корнелюк пен Волошинды өлтірген, Ресей шекарасын заңсыз кесіп өткен" деп мәлімдеді.

Үкімді оқу екі күнге созылып, сот жазаны содан кейін ғана жариялайтыны хабарланды. Бұған дейін прокуратура Савченконы 23 жылға соттауды, ал адвокаттар оны толық ақтауды сұраған.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко 2014 жылы маусымда Украинаның шығысында ұсталып, Ресейге жіберілген. Оған ресейлік журналистер Игорь Корнелюк пен Антон Волошиннің қазасына қатысты айып тағылған. Ресей тарабы "Савченко журналистердің қай жерде екенін анықтап, артиллеристерге олардың тұрағын көрсеткен" дейді. Бірақ Савченко ол айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG