Accessibility links

ПЕН-клуб Атабекке де назар аударуға үндеді


Халықаралық ПЕН-клуб сайты скриншоты. 21 наурыз 2016 жыл.

Халықаралық ПЕН-клуб сайты скриншоты. 21 наурыз 2016 жыл.

Халықаралық ПЕН-клуб 21 наурыз - дүниежүзілік поэзия күні қарсаңында шығармаларына бола жапа шеккен төрт ақынды атап, солардың ахуалына назар аударуға шақырды. Олар - Арон Атабек (Қазақстан), Амануэль Асрат (Эритрея), Лю Ся (Қытай) және Ашраф Файад (Палестина).

Қазақстандық ақын әрі қоғамдық белсенді Арон Атабек - бірнеше поэзиялық және прозалық жинақтардың авторы. Ол 2006 жылғы Шаңырақ оқиғасына байланысты 2007 жылы 18 жылға сотталған.

Эритреялық ақын, сыншы және "Земен" ("Заман") газетінің бас редакторы Амануэль Асрат 2001 жылы ол елдегі ақпарат құралдарын қысым жасалған кезде ұсталған.

Қытайлық ақын, суретші, ол елдегі тәуелсіз ПЕН-орталықты құрушылардың бірі Лю Ся Пекиндегі пәтерінде байланыс құралынсыз отыр.

Палестиналық ақын, суретші Ашраф Файад 2013 жылы тұтқындалған. Сауд Арабиясы соты оны өлім жазасына кескен.

XS
SM
MD
LG