Accessibility links

Савченконың сотына Украина делегациясын кіргізбеді


Надежда Савченко сотта тұр. Донецк, 21 наурыз 2016 жыл.
Надежда Савченко сотта тұр. Донецк, 21 наурыз 2016 жыл.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченкоға үкім оқылып жатқан Донецк қалалық сотына (Ресейдің Ростов облысында) украиналық делегацияны үзілістен кейін кіргізбей қойды деп хабарлады Украина президентінің баспасөз хатшысы Святослав Цеголко. Бұл ақпаратты делегация құрамындағы украиналық депутат Мария Ионова да растады.

Бұған дейін Савченконың сотына қатысуға бара жатқан украиналық депутат Ирина Геращенконы Ресейге өткізбей қойған.

Надежда Савченкоға үкім оқу екі күнге созылып, сот жазаны содан кейін ғана жариялайтыны хабарлаған. Бұған дейін прокуратура Савченконы 23 жылға соттауды, ал адвокаттар оны толық ақтауды сұраған.

Украиналық ұшқыш Надежда Савченко 2014 жылы маусымда Украинаның шығысында ұсталып, Ресейге жіберілген. Оған ресейлік журналистер Игорь Корнелюк пен Антон Волошиннің қазасына қатысты айып тағылған. Ресей тарабы "Савченко журналистердің қай жерде екенін анықтап, артиллеристерге олардың тұрағын көрсеткен" дейді. Бірақ Савченко ол айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG