Accessibility links

Даулы аймақтағы қырғыз бен өзбек әскері азайды


Өзбекстанмен шекарада тұрған қырғыз сарбазы. 21 наурыз 2016 жыл.

Өзбекстанмен шекарада тұрған қырғыз сарбазы. 21 наурыз 2016 жыл.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарадағы даулы аймаққа жиналып қалған әскер санын азайтты деп хабарлады қырғыз шекара қызметінің төрағасы Райымберді Дүйшенбиев Азаттыққа. Оның сөзінше, екі елдің әрбірі Чал-Сарт деп аталатын аумақтағы 20 сарбазының 8-ін ғана қалдырған.

Наурыздың 18-і күні сағат 7.40-та Өзбекстан Қырғызстанмен шекарасы бойындағы Моғол атырабындағы даулы аймаққа екі беренді транспортер мен екі «КамАЗ» көлігін және әскерін әкеліп орналастырған.

Чал-Сартқа өзбек әскері келген соң Қырғызстан да шекара бөлімшелеріне жауынгерлік әзірлігін күшейте беруді тапсырған. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға байланысты Өзбекстанға нота жолдаған.

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Ақсы ауданы әкімі Медет Айдарәлиевтің хабарлауынша, Қырғызстан мен Өзбекстан арасында көлемі 38 гектар болатын, Кербен-Алабұқа автотрассасының 1,8 километрі өтетін даулы учаске Чал-Сарт деп аталады.

XS
SM
MD
LG