Accessibility links

Қазақстан Наурыз мейрамын тойлап жатыр


Наурыз мерекесінде алтыбақан теуіп жатқан жастар. Шымкент, 25 наурыз 2015 жыл.
Наурыз мерекесінде алтыбақан теуіп жатқан жастар. Шымкент, 25 наурыз 2015 жыл.

Қазақстандықтар Наурыз мейрамын атап өтіп жатқанына бүгін екінші күн.

Бұл күндері бүкіл ел көлемінде, ежелден келе жатқан салт-дәстүр бойынша, адамдар бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды, арнайы әзірленген Наурыз көже мен ұлттық ас түрлерінен дәм татады. Барлық елдімекендерде концерттік бағдарламалар, ұлттық ойын-сауық түрлері, спорттық және өзге де мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Дүйсенбі күні Астанада Наурызға арналған шараға қатысқан ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

«Бұл күні адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін кешіріп, көшет отырғызып, бұлақ көзін ашқан, мұқтаждарға көмектескен. Мен әрбір шаңыраққа бақыт, шаттық шуағын және бар жақсылықты тілеймін» деді ол.

Шығыстың кейбір халықтарына ортақ бұл мейрам Қазақстанда 21 наурыздан бастап үш күн бойы тойланады, бұл күндер елде демалыс болып жарияланған.

Совет кезінде алпыс жылдан аса тыйым салынған Наурыз мейрамы Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін күнтізбеде ресми мереке ретінде белгіленген.

XS
SM
MD
LG