Accessibility links

ОСК сайлаудың түпкілікті нәтижесін жария етті


Қазақстанда 20 наурызда өткен кезектен тыс парламент сайлауына азаматтардың дауыс беру нәтижесі.

Қазақстанда 20 наурызда өткен кезектен тыс парламент сайлауына азаматтардың дауыс беру нәтижесі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жексенбіде Қазақстанда өткен кезектен тыс парламент сайлауының қорытындылары туралы қаулы қабылдады.

ОСК жариялаған мәліметте бұл сайлауда «Нұр Отан» партиясына 6 миллион 183 мың 757 адам (82,20 пайыз), «Ақ жол» демократиялық партиясына - 540 мың 406 адам (7,18 пайыз), Қазақстан коммунистік-халықтық партиясына - 537 мың 123 адам (7,14 пайыз), «Ауыл» партиясы үшін 151 мың 285 адам (2,01 пайыз), Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 88 мың 813 адам (1,18 пайыз) және «Бірлік» саяси партиясына - 21 мың 484 (0,29 пайыз) адам дауыс бергені айтылған.

ОСК қаулысына сәйкес, алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісіндегі 107 депутаттық орынның саяси партияларға тиесілі 98-і бұл сайлауда 7 пайыздық межеден көп дауыс жинаған үш партия арасында келесідей тәртіппен бөлінді:

«Нұр Отан» партиясы – 84 мандат;

«Ақ жол» партиясы – 7 мандат;

Қазақстан коммунистік-халықтық партиясы - 7 мандат.

Бұған қоса Қазақстан халқы ассамблеясынан тоғыз адам мәжіліске сайланған.

Ресми мәлімет бойынша, сайлаушылар тізіміне алынған 9 миллион 810 мың сайлаушының 7 миллион 966 мыңы (77,12 пайыз) дауыс беруге қатысқан.

XS
SM
MD
LG