Accessibility links

Брюссельдегі жарылыстардан ондаған адам қаза тапты


Брюссель әуежайының жарылыстан сынған терезелері. 22 наурыз 2016 жыл.

Брюссель әуежайының жарылыстан сынған терезелері. 22 наурыз 2016 жыл.

Брюссель әуежайындағы жарылыстан қаза тапқан адамдар саны 13-ке жетті, 35 адам ауыр жаралы деп хабарлады Reuters агенттігі бельгиялық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Бельгиялық VRT телекомпаниясы әуежай залындағы жарылысты жанкешті жасағанын хабарлады.

Брюссельдегі Маальбэк және Шуман метро станциялары маңында да жарылыс болып, VTM телеарнасының дерегінше, ол жерде кемінде 10 адам көз жұмған.

Қаладағы қоғамдық көліктер тоқтап, негізгі теміржол вокзалдары жабылып қалды.

Еуропадағы әуежайлар Брюссельдегі жарылыстан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтіп жатыр.

18 наурызда Брюссель маңында Париждегі терактілерге қатысы бар деген күдікті Салех Абдеслам полиция операциясы кезінде ұсталған. 2015 жылы 13 қарашада Парижде болған терактілерден 130-дан астам адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG