Accessibility links

Бішкек Ошқа үш мың полиция қызметкерін жіберді


Қырғызстанның Ош қаласында орталық алаңда тұрған адамдар. 22 наурыз 2016 жыл.

Қырғызстанның Ош қаласында орталық алаңда тұрған адамдар. 22 наурыз 2016 жыл.

Қырғызстан үкіметі елдің оңтүстігіндегі Ош қаласына жергілікті билік органдары сайлауы қарсаңында үш мыңға жуық полиция қызметкерлерін жіберді. Аймақтық полиция департаментінің өкілі Женіш Аширбаевтың Азаттыққа хабарлауынша, Ош қаласы орталығында құқық органдары қызметкерлеріне екі мыңдай еріктілер қосылған.

Аширбаев Ош қаласына полиция күштерінің орналастырылуын 27 наурызға белгіленген «сайлау қарсаңындағы жоспарлы шара» деп түсіндірді.

Бұған дейін қырғыз оппозициясы наурыздың 24-іне оңтүстік өңірде үкіметке қарсы жаппай наразылық шерулерін өткізуді жоспарлап отырғаны туралы хабарланған. Кеше Ақсы ауданы орталығы Кербен кентінде жүздеген адам жиналып, қырғыз-өзбек шекарасындағы даулы жер мәселесіне қатысты нақты іс бітірмей отыр деп билікті сынаған.

XS
SM
MD
LG