Accessibility links

Обама Куба халқын демократиялық болашаққа үндеді


АҚШ президенті Барак Обама Гаванада сөйлеп тұр. 22 наурыз 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Гаванада сөйлеп тұр. 22 наурыз 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Куба халқын жарқын болашаққа АҚШ-пен бірге қадам басуға шақырып, өзінің бұл елге тарихи сапарын «қырғи-қабақ соғыс қалдықтарынан» арылу сәті деп атаған. Куба басшысы Рауль Кастроның қатысуымен өткен жиында Обаманың кубалықтарды мемлекеттегі барлық проблемалардың жойылуы оңай деген «соқыр оптимимзге» ұрынбаудан сақтандырып, демократиялық жүйенің тиімділігі туралы айтқан сөзі Куба телеарнасынан көрсетілген.

«Жұрттың көбі мен мұнда кубалықтарды әлденені бұзуға шақыруға келді деп санайды. Бірақ мен сөзімді болашақтың жаңа құрылысын бастайтын Куба жастарына арнағым келеді» деген Обама.

Барак Обамаға дейін Кубаға АҚШ президенті сапармен 1928 жылы барған. Ал 1959 жылы Кубада революция нәтижесінде коммунистік билік орнаған соң АҚШ-пен байланыс үзіліп қалған.

Кубаға екі күндік ресми сапары кезінде Барак Обама Кубаның коммунистік билігі басшылығымен, сонымен бірге осы елдегі бірқатар диссиденттермен кездесті. Кубадан кейін президент Обама Аргентинаға сапармен барады.

XS
SM
MD
LG