Accessibility links

Германияда "шабуыл жоспарлаған" үш күдікті ұсталған


Германиялық полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)
Германиялық полиция қызметкерлері. (Көрнекі сурет.)

Германия полициясы Австриямен шекарада бельгиялық нөмірі бар автокөлікпен кетіп бара жатқан үш адамды ұстаған. Косовадан шыққан ол үшеуі шабуыл жасамақ болған деген күдікке ілінген.

Полиция күдіктілер сейсенбі күні Бельгияда террорлық шабуылдар болғанға дейін Бавария аймағында ұсталған деп хабарлады.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, әзірше ұсталған үшеудің Бельгиядағы шабуылдарға қатысы барына дәлелдер жоқ, бірақ полиция әртүрлі жорамалдар бойынша тексеру жүргізіп, күдіктілердің байланысын анықтап жатқаны айтылады.

Бельгиядағы терактілерден кейін Германия әуежайлар, вокзалдар мен Бельгия, Голландия және Люксембургпен шекараларында қауіпсіздік шараларын күшейткен.

Соңғы мәліметтер бойынша, Брюссельде 22 наурызда болған террорлық шабуылдар салдарынан 31 адам қаза тапқан. Шабуылдарға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG