Accessibility links

Бельгия полициясы шабуылға күдіктілерді іздестіріп жатыр


Брюссель әуежайындағы бейнекамераға түсіп қалған, қолдарында жүгі бар күдікті үш жігіттің суреті.

Брюссель әуежайындағы бейнекамераға түсіп қалған, қолдарында жүгі бар күдікті үш жігіттің суреті.

Брюссельде сейсенбіде болған жарылыстардан кейін қауіпсіздік шараларын күшейткен Бельгия полициясы қылмысқа қатысы барларды анықтау шараларын бүкіл ел аумағында өткізіп жатыр. Елдегі бұқаралық ақпарат құралдары террорлық шабуыл жасалған Брюссель әуежайындағы бейнекамераға түсіп қалған, қолдарында жүгі бар үш жігіттің суретін жариялап, оларды терактілерге күдіктілер деп сипаттаған. БАҚ хабарламасында суреттегілердің екеуі жарылыс кезінде қаза тауып, біреуі іздестіріліп жатқаны айтылған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Брюссельде 22 наурызда болған террорлық шабуылдар салдарынан 31 адам қаза тапқан. Шабуылдарға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алатынын мәлімдеген.

Сейсенбіде Германия полициясы Австриямен шекарада бельгиялық нөмірі бар автокөлікпен кетіп бара жатқан үш адамды ұстағаны хабарланды. Косовадан шыққан ол үшеуі шабуыл жасамақ болған деген күдікке ілінген. Полиция күдіктілер сейсенбі күні Бельгияда террорлық шабуылдар болғанға дейін Бавария аймағында ұсталған деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG