Accessibility links

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевтың күйеу баласы, Қазақстан азаматы Әділ Тойғанбаев, Бішкектің сұрауы бойынша, Біріккен араб әмірліктерінде ұсталған. Бұл туралы Азаттыққа Қырғызстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Қырғызстан құқық органдары оның үстінен «салық төлеуден жалтарды» және «қаржылық алаяқтық жасады» деген айыптар бойынша іс қозғап, Тойғанбаевқа Интерпол арқылы іздеу жариялаған.

Әділ Тойғанбаев бұған дейін 2014 жылы Ресей астанасында бір аптаның ішінде екі рет ұсталып, бірақ кейін босатылған. Сондай-ақ, 2013 жылы Интерполдың сұрауы бойынша Қазақстан құқық органдары да оны ұстап, бірақ Қазақстан үкіметі өз азаматтарын үшінші елге экстрадицияламайтынын мәлімдеп, оны Бішкекке экстрадициялаудан бас тартқан.

50 жастағы Әділ Тойғанбаев – Қырғызстанның алғашқы президенті Асқар Ақаевтың қызы Берметтің күйеуі. 2005 жылы наурызда Ақаев Қырғызстанда болған «қызғалдақ революциясы» кезінде Ресейге қашқан, Әділ Тойғанбаев та Қырғызстаннан кетуге мәжбүр болған. Сол жылы Қырғызстанда оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG