Accessibility links

Брюссельдегі жарылыстарға күдіктілер аталды


Күдіктелер Халид және Брахим Бакрауилер.
Күдіктелер Халид және Брахим Бакрауилер.

Бельгия астанасы Брюссельде кеше болған жарылысқа күдікті делінген екі жанкештінің аты-жөндері жария болды, олар - ағайынды Халид және Брахим Бакрауи деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Брюссельде тұратын Бакрауилер бұған дейін тонаушылық ісі бойынша полицияға мәлім болған, бірақ терроризмге қатысты күдікке ілінбеген. Халид Бакрауи жалған атпен пәтер жалдаған, Париждегі терактілерге байланысты күдікке ілінген Салах Абдеслам 18 наурызда ұсталғанға дейін сол пәтерде тұрған деп хабарланды.

Sky News телеарнасы дерегінше, үшінші күдікті Назим Лаашрауи есімді адам болуы мүмкін. Француз полициясы оны былтыр қарашада Парижде болған терактіде бомба жасаған деп біледі. Лаашрауи 2013 жылы ақпанда Сирияға барып қайтқан.

Брюссельде 22 наурызда Завентем әуежай мен Маальбек метро станциясында болған жарылыстардан 34 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған.

Шабуылдарға жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алатынын мәлімдеген.

Бельгия Брюссельдегі жарылыстарға байланысты кешеден бастап үш күн аза тұтып жатыр.

XS
SM
MD
LG