Accessibility links

Түркия: Брюссельдегі терактіге күдіктіні депортациялағанбыз


Брюссельдегі 22 наурызда болған терактілерге күдікті ағайындылар Халид (сол жақта) және Ибрагим Бакрауилер.

Брюссельдегі 22 наурызда болған терактілерге күдікті ағайындылар Халид (сол жақта) және Ибрагим Бакрауилер.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның сөзінше, Брюссельдегі терактілерді жасағандардың бірі шекарада ұсталып, депортацияланған. Баспасөз конференциясында Ердоған "күдікті ер адамның өз өтініші бойынша Нидерландқа депортацияланғанын, оның Нидерландқа жеткізілгені Түркияға хабарланғанын" айтты.

Ердоған бұған қоса Бельгияға ол адамның экстремистермен байланысы бар екені жөнінде хабарланғанын мәлімдеді.

Ердоғанның сөзінше, "Түркия күдіктінің шетелдік террорист болғанын ескерткеніне қарамастан, Бельгия билігі оның террористік әрекеттермен байланысы бар-жоғын анықтай алмай, босатып қоя берген". Ердоған күдіктінің аты-жөнін айтпағанымен, президент аппаратының қызметкері оның Ибрагим Бакрауи екенін хабарлады.

Наурыздың 22-сі күні Брюссельдегі Завентем әуежайында екі рет, Маальбек метро станциясында бір рет бомба жарылып, 34 адам қаза тауып, 250 кісі жараланған еді. Бельгиялық БАҚ сот органдарына сілтеме жасап, Брюссельдегі шабуылды ұйымдастырушылардың бірі деген Назим Лаашрауи есімді күдіктінің ұсталғанын хабарлаған.

Шабуылды «Ислам мемлекеті» (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) діни ультра-радикал содырлар ұйымы мойнына алатынын мәлімдеген.

Бельгия Брюссельдегі жарылыстарға байланысты 22 наурыздан бастап үш күн аза тұтып жатыр.

XS
SM
MD
LG