Accessibility links

Ұйымдар Грекиядағы мигранттар орталығына байкот жариялады


Грекияның Идомени ауданы маңындағы мигранттардың наразылық акциясы. 21 наурыз 2016 жыл.
Грекияның Идомени ауданы маңындағы мигранттардың наразылық акциясы. 21 наурыз 2016 жыл.

Грекияға барып жатқан мигранттар көмектесетін барлық жаңа гуманитарлық ұйымдар уақытша ұстау орталықтарына байкот юариялап жатыр. Құқық қорғаушылар Еуропа Одағы мен Түркия арасында пана сұрағандардың өтінішін қабылдап, тіркеу процесін жеделдетуге қатысты келісімді сынайды. Келісім бойынша, өтініштері қабылданбаған мигранттарды кері Түркияға қайтару жоспарланып отыр. Гуманитарлық ұйымдар уақытша ұстау орталықтарында Грекия билігімен ынтымақтасу өздерін "әділетсіз және адамшылыққа жат" тәсілдерді қолдануға итермелейді дейді.

22 наурызда БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі мен "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы қаржыландыруды азайтатынын мәлімдеген. Бір күннен кейін оларға Халықаралық құтқару комитеті мен Норвегияның босқындар ісі жөніндегі кеңесі қосылған.

Қазір Грекияда 50 мыңнан астам мигрант бар. Олардың көпшілігі уақытша ұстау орталықтарында тұрмайды. Себебі олар Еуропа Одағына 20 наурызда Түркиямен келісім жасалғанға дейін барған. Биыл жыл басынан бері теңіз арқылы Грекияға Таяу Шығыстағы соғыстан қашқан 147 мыңнан астам мигрант барды.

XS
SM
MD
LG