Accessibility links

Лавров: Киев келісімді орындамай отыр


Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 23 наурыз 2016 жыл.
Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер (сол жақта) мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мәскеу, 23 наурыз 2016 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украина билігін қақтығысты тоқтату туралы келісімді орындамай отыр деп айыптады. Мәскеуде Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен кездескен Лавров Киевтің "әрекетсіздігін" бейбіт процеске "сына қағатын" басты себеп деп атады. Қақтығысты тоқтату туралы келісім өткен жылы ақпанда Минскіде жасалған. Келісімнің арқасында Украина шығысында Украина армиясы мен Ресей қолдайтын сепаратистердің қақтығысы бәсеңдегенімен, шағын жанжалдар ара-тұра болып тұрады.

Штайнмайер жағдай шиеленісіп кетуі мүмкін екенін ескертіп, екі тарапты да келісім шарттарын орындауға шақырды. Ол бұған қоса Ресейде сотталған украиналық ұшқыш Надежда Савченконың ісі гуманистік жолмен шешіліп қалар деген үмітте екенін айтты. Савченконы 22 наурызда Ресей үкіметі Украина шығысындағы ресейлік журналистердің өліміне қатысы бар деген айыппен 22 жылға соттаған.

Штайнмайер бұған қоса Ресей президенті Владимир Путинмен де кездесті. Неміс ақпарат құралдары бұл кездесулерді ашық және конструктивті тұрғыда өтті деп хабарлады. Кездесуде талқыланған тақырыптар арасында Украина шығысындағы қауіпсіздік мәселесі және Сирияда бейбітшілік орнатуға күш салу жайы бар.

XS
SM
MD
LG