Accessibility links

БАҚ: ИМ Еуропада жаңа шабуылдар жасауы мүмкін


Брюссельдегі теракт құрбандарын еске алуға жиналғандар. 23 наурыз 2016 жыл, Бельгия.
Брюссельдегі теракт құрбандарын еске алуға жиналғандар. 23 наурыз 2016 жыл, Бельгия.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы Еуропада террорлық шабуылдар жасауға кем дегенде 400 содыр дайындап отыр деп хабарлады Еуропа елдері мен Ирактың арнайы қызметтеріндегі дереккөздеріне сілтеме жасаған Associated Press агенттігі. Бұл дереккөздер бойынша, террористер ИМ-нің Ирак пен Сириядағы лагерлерінде жақсы дайындықтан өтеді. Еуропаға барған олар дербес әрекет ететін террористік бөлімше құра алады. Ол бөлімшелер жеке жеке шабуылдардан үлкен нәтиже шығу үшін өз іс-қимылдарын үйлестіріп отырады. Бұрын террористер ауқымды теракт жасауға күш салса, қазір жекелеген шағын шабуылдар ұйымдастыруға көңіл бөледі.

Тергеушілер Париждегі шабуылдарды ұйымдастырған Салех Абдесламның таяуда тұтқындалуы содырлардың Бельгияда ұйымдастырған бөлімшелері мүшелерін шабуылдар жасауға арандатуы мүмкін дейді. Брюссельдегі шабуылдарды жасаған екі жанкешті, ағайынды Ибрагим жне Халид Бакрауилер бұған дейін заң бұзғаны үшін жауапқа тартылған. 23 наурызда Түркия билігі Ибрагим Бакрауи өткен жылы маусымда Сириямен шекарада ұсталып, Нидерланд билігіне "шетелдік террорист" деген ескертумен берілгенін хабарлаған. Бірақ ұзамай ол террористік топтармен байланысы бары туралы ақпарат жоқ деген себеппен босатылған.

Бельгиялық тергеушілер Брюссель әуежайында жарылыс алдында жанкештілермен бірге пайда болған олардың қауіпті серігін іздеп жатыр. Жанкештілердің серігі жаңа терактілер жасауы мүмкін деген қауіп бар.

XS
SM
MD
LG