Accessibility links

Австралия: Табылған сынықтар MH370 рейсінікі болуы мүмкін


Мозамбик жағалауларынан табылған, MH370 рейсіне тиесілі болуы мүмкін делінген

Мозамбик жағалауларынан табылған, MH370 рейсіне тиесілі болуы мүмкін делінген

Мозамбик жағалауынан табылған әлдебір заттың сынықтары Malaysia Airlines компаниясының екі жыл бұрын жоғалған Boeing 777 ұшағына тиесілі болуы мүмкін деп мәлімдеді Австралияның көлік министрі Даррен Честер. Ол тергеу тобы бұл сынықтар Boeing 777 ұшағы панелінің сынықтары деген қорытынды жасағанын айтты.

Сынықтардың Африканың шығыс жағалауларынан табылған орны сынықтардың суда қалқып жүрген жерімен сай келеді. Бұл сәйкестікті Үнді мұхитының оңтүстік бөлігінде екі жыл бойы іздеу жұмыстарын жүргізген австралиялық бір топ ғалым анықтаған. Олар ұшақ осы ауданда апатқа ұшыраған деп санайды.

Австралия Куала-Лумпурдан Пекинге ұшып шыққан, 2014 жылы 8 наурызда жоғалып кеткен ұшақты іздеп жатыр. Ұшақта 239 адам болған. Ұшақтың нақты апатқа ұшыраған жері әлі толық анықталған жоқ. Бұған дейін Үнді мұхитындағы Реюньон аралының жағалауынан тергеушілер Boeing 777 ұшағы қанаты деп тапқан сынықтар табылған.

Австралия бұған қоса Оңтүстік Африкадан табылған басқа да сынықтарды зерттеуге ниетті. Австралия билігі сынықтар ұшақ қозғалтқышына тиесілі болуы мүмкін дейді.

XS
SM
MD
LG