Accessibility links

Мәжілістегі "Ақ жол" депутаттары аталды


"Ақ Жол" саяси партиясының кезектен тыс 10-құрылтайы. Астана, 3 ақпан 2016 жыл.

"Ақ Жол" саяси партиясының кезектен тыс 10-құрылтайы. Астана, 3 ақпан 2016 жыл.

Парламент мәжілісіне ерте сайлауда жеті орынға ие болған билікшіл "Ақ жол" партиясы өз депутаттарының тізімін жариялады.

Алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісіне партия жетекшісі Азат Перуашев, Орал аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Абсатыров, партия төрағасының орынбасары, "Екібастұзэлектржелісі" компаниясының басшысы Ерлан Барлыбаев, партия орталық кеңесінің хатшысы Берік Дүйсембинов, "Казкоммерцбанктің" Ақтөбе облыстық филиалының директоры Дания Еспаева, бесінші шақырылымда да депутат болған Меруерт Қазыбекова мен Екатерина Никитинская қайтара депутат болды.

Қазақстанда 20 наурызда мәжілістің ерте сайлауы және мәслихаттардың кезекті сайлауы өткен. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлауда биліктегі "Нұр Отан" партиясы 82,2 пайыз дауыс, "Ақ жол" партиясы 7,18 пайыз дауыс, Қазақстан халықтық коммунистік партиясы 7,14 пайыз дауыс жинап парламентке өткен. Мәжілістегі саяси партияларға тиесілі 98 орынның 84-і "Нұр Отанға", жетеуі ҚХКП-ға, жетеуі "Ақ жолға" берілді.

"Ақ жол" мәжіліс сайлауына партиялық тізім бойынша 35 кандидат ұсынған.

XS
SM
MD
LG