Accessibility links

Мәжілістің жаңа құрамдағы депутаттары тіркелді


Парламент мәжілісінің отырысы (Көрнекі сурет).
Парламент мәжілісінің отырысы (Көрнекі сурет).

Орталық сайлау комиссиясы алтыншы шақырылымдағы парламент мәжілісінің 108 депутатын тіркеді.

Қазақстанда 20 наурызда мәжіліске ерте сайлау өткен. Оның қорытындысы бойынша парламентке "Нұр Отан", "Ақ жол" партиялары және Қазақстан халықтық коммунистік партиясы өткен. 82,2 пайыз дауыс жинаған "Нұр Отан" мәжілістегі саяси партияларға тиесілі 98 орынның 84-іне, "Ақ жол" мен ҚХКП-ның әрқайсысы 7 орынға ие болған.

Мәжілістегі қалған 9 орынға Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері сайланған.

Депутаттарға тиісті куәлік пен төс белгі берілді.

XS
SM
MD
LG