Accessibility links

АҚШ: Банктер Иранмен бизнесте абай болғаны жөн


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары шенді шенеунігі ірі бизнес пен банк өкілдерін АШ-тың Иранға салған санкциясы күшінде болғандықтан санкцияны бұзып қоймауды ескертті.

"Америкалықтар Иранмен коммерциялық байланыс орната алмайды. Америкалық компаниялар жиырма жылдан бері Иран мұнайын сатып алмайды" деді АҚШ мемлекеттік департаментінің санкция саясатын үйлестірушісі, Иранмен ядролық келісім жобасын жасауға көмектескен Крис Бэкмейер.

Ол АҚШ-та орналасқан, шетелде еншілес компаниясы бар компаниялар Иранмен сауда жасаса алатынын және транзакция шетелдік банктер арқылы жүзеге асатынын айтты. Бірақ ол барлық елдегі банктер АҚШ-тың Иранға қатысты әі күшінде тұрған санкциясын бұзып қоймауы керегін ескертті.

"Банктер ең алдымен Ирандағы санкция салынған компаниялармен бизнес жүргізбеуге, операцияның АҚШ-қа тиіп кетпеуіне мұқият мән беруі тиіс. Иранда терроризмге қатысты санкцияға ілінген ұйымдар баршылық" деді Крис Бэкмейер.

XS
SM
MD
LG